Түркістан: қалалық әкімдіктегілер ата-ана қамқорлығынсыз қалған жастарға берілуі тиіс баспананы үлестірмей келген

Теги: ,
467

Түркістан қаласының әкімдігі тарапынан жол берілген мұндай заңбұзушылықты прокурорлар кезекті тексеру кезінде анықтаған. Құзырлы орын өкілдерінің дерегінше, 40 пәтер сәуір айында берілуі тиіс болған. Алайда баспана кезегін сарыла күткен жастар үшін маңызды пәтерлер еш себепсіз берілмей келіпті. Пәтерлерді үлестіруді тежеген жауапты мамандарға әкімшілік айыппұл салынып, сөгіс жарияланды. Тәртіптік жауапкершілікке де тартылған.

«Түркістан қаласы прокуратурасымен үнемі заңдылықтарға, соның ішінде тұрғын үй қатыстары туралы заңдылықтардың орындалуына үнемі талдау жұмысы жүргізіліп отырады. Биыл тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді табыстау барысында тұрғын үй қатынастары туралы заңның талаптары өрескел бұзылғандығы анықталды. Талдау жұмыстарының барысында ата –ана қамқорлығынсыз қалған 40 жасқа тиесілі пәтерлер уақытылы табысталмағаны белгілі болды. Яғни, бара бар әдісімен бөлу барысында тұрғын үй қатынастары туралы заңының талаптарының бұзылғаны анықталып, анықтау нәтижесімен прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, жастарға өз пәтерлері табысталды. Олардың Конституциялық құқықтары қалпына келтірілді», — деді Түркістан қаласы прокурорының орынбасары:Күмісхан Таңатов.

Прокурорлардың араласуымен қазір жетім балаларға берілген 40 пәтер заңды иелеріне беріле бастады. Баспаналар жиһазбен жабдықталып, қажетті тұрмыстық заттармен толықтырылуда. Пәтерлі болып қуанғандардың бірі бұл қуанышты күнді 10 жыл күткенін жеткізді.

Махаббат Құдайберген, Түркістан қаласының тұрғыны:

«Пәтер кезегіне 2012 жылы тұрғанмын. Содан бері талай пәтер ауыстырдым. 2017 жылы баспанаға қолым жеткен болатын, бірақ белгілі себептермен ол кезде кіре алмай қалдым. Қазір міне, өз үйімнің кілтін алдым. Қатты қуанып тұрмын. Осындай үй мен секілді жастарға жұғысты болсын!».

Айта кетейік, Түркістан қаласы облыс орталығы статусына ие болғалы бері киелі шаһарда азаматтарға 2 271 пәтер табысталған.

Түркістан қаласының әкімдігі ата-ана қамқорлығынсыз қалған жастарға берілуі тиіс баспананы үлестірмей келген. Заңбұзушылық қалалық прокуратураның кезекті тексеруі кезінде анықталды. Пәтерлер бір ай бұрын берілуі тиіс болған, алайда бұл шаруаны жауапты мамандары себепсіз тежеген. Кінәлі тұлғаларға әкімшілік айыппұл салынып, сөгіс жарияланды. Тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Предыдущая запись
Юные каратисты из ВКО стали чемпионами Европы
Следующая запись
Атырауда «VIP» нөмірлерді ұнататындар бюджетке 31,5 млн теңгеден астам ақша төлемеген

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню