«Қазгидромет» РМК Шымкентте ауа райының қатты ысуына байланысты ескерту жариялады. Қалалық Төтенше жағдайлар департаментіндегілер 20-22 шілде аралығында қалада ауа температурасы 40-43 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болатынын хабарлайды. Осы ретте ведомствадағылар тұрғындар мен қала қонақтарын сақтық шараларын сақтауға шақырады.
«Ыстық ауа-райы жүрек-қан тамырлары аурулары, артериялық гипертензиясы бар, сондай-ақ инфаркт пен инсульт қаупі бар адамдар үшін қауіпті. Бас киімсіз далаға шықпаңыз, күн сәулесі тиюден сақ болу үшін күндіз қарт адамдар мен балалар серуендеуден бас тартқаны жөн. Физикалық жаттығуларды тоқтату керек. Созылмалы аурулары бар адамдар дәрігердің ұсыныстарын нақты орындап, тағайындалған дәрі-дәрмектерді уақытылы қабылдағаны абзал. Шөлді басу үшін таңертең, кешкі уақытта көбірек су ішіңіз, газдалған тәтті сусындарды пайланбаңыз» делінген департаменттің мәліметінде.
Бұдан өзге төтеншеліктер балаларда қандай да бір күн өтудің белгілері байқалса, денесін дымқыл шүберекпен сүртіп, әр 5-10 минут сайын су беру қажеттігін алға тартты.