Шымкентте төрт аурухана көпсалалы болып қайта құрылады

Теги: , ,
325

Шымкентте медициналық мекемелердің материалдық базасы жаңарып, көрсетілетін қызмет түрлері кеңейеді. Шаһардағы №1 қалалық клиникалық аурухана, №2, N3 қалалық ауруханаларында медициналық көмек түрі артып, көпсалалы аурухана болып қайта құрылмақ.

Балалар клиникалық ауруханасын жаңғырту жұмыстарының арқасында ауыр дертке шалдыққан балаларға күрделі оталар жасалуына мүмкіндік туады.

Қазірдің өзінде балалар ауруханасында нейрохирургиялық, күйік, урологиялық, торакальды хирургия, нейрохирургиялық медициналық оңалту бөлімшелерінің қызметтері жолға қойылды.

Неонатальды хирургиялық көмек көрсету түрі ұлғайды. Ол үшін соңғы үлгідегі заманауи аппараттар орнатылды. Жаңа туылған балаларға медициналық көмек тек қалалық балалар ауруханасында көрсетіле бастады.

Естеріңізге сала кетейік, Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауларында және Үкіметтің кеңейтілген отырыстарында берген тапсырмалары аясында жұмыс жүргізуде. Бұрын хабарланғандай, барлығы 26 тапсырма берілді, оның 15-і орындалды және 11-і ұзақ мерзімді орындау кезеңіне ие. Қазақстанда 2022 жыл бала жылы деп жарияланды. Балалардың денсаулығын қорғау жөніндегі іс-шараларды іске асыру шеңберінде Денсаулық сақтау министрлігі алдын алуға ерекше назар аударатын болады. Осыған байланысты жүргізілетін зерттеулердің ағымдағы көлемін ескере отырып, балаларды профилактикалық қарап-тексеру пакеттері кеңейтілетін болады (ОАК, ОАМ, оптоакустикалық ремиссия).

«Елдің биоқауіпсіздігін болжаудың ұлттық жүйесі құрылуы тиіс. Бұл шара тиісті заң жобасында қарастырылған. Парламенттен сессияның соңына дейін оның қабылдануын қамтамасыз етуді сұраймын. Көптеген медициналық зертханалар халықаралық стандарттарға сәйкес келмейді. «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы шеңберінде кемінде 12 зертхананы жоғары технологиялық жабдықпен жарақтандыруды көздеу керек. Бұл біздің зертханалардың халықаралық стандарттарға сәйкестік деңгейін 90% — ға дейін арттыруға мүмкіндік береді»,-деп атап өтті Қасым – Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар-елдің өркендеуінің берік негізі»атты Қазақстан халқына Жолдауында.

Предыдущая запись
​В Шымкенте четыре больницы преобразуют в многопрофильные
Следующая запись
В этом году в Шымкенте молодежи предоставят более 800 арендных квартир

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню