405
Исатай ауылындағы Исатай атындағы орта мектептің бір оқушысына 9-сыныпта оқитын бірнеше бала жабылып, соғып тастаған. Мұны көріп әбден ашынған анасы ауылдың чатына баласының түрін видеоға түсіріп жіберді.
«Мынау — менің балам. 2006 жылғы балалар теуіп, соққан. Беті ауызы көгерген. Қолы түгел көгерген. Бөтекесінің бәрі мынадай болып түгел ісіп кеткен. Аяқтарының бәрі басқызбайды. Мынаған не жасаған? Кім бала? Кімнің балалары мынаны жасаған? Бөтекеңнен мынадай етіп тебетіндей?»- деп шырылдайды.
Соққыға жығылған жасөспірімнің сау-тамтығы қалмаған. Бет-аузы көгеріп, денесі мен аяқ-қолы ісіп облыстық балалар ауруханасының хирургия бөліміне түсті.