25 жастағы қала тұрғыны велосипед ұрлығымен былтырдан бері айналысады екен. Сол кезден бері ол 25 велосипедті олжалаған. Бірақ оның соңғы жорығы сәтсіз аяқталды. Ер адамның велосипед ұрлап бара жатқан сәті көпқабатты үйлердің біріне орнатылған бейнекамераға түсіп қалған. Осы видео бойынша күдіктіні іздеген полицейлер баукеспені бірден ұстапты. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, ол өз кінәсін мойындапты. Ұрлаған үш велосипедтің бірі үйінен табылды. Тексере келгенде ұрланған велосипедті сатып алғандар да анықталды. Осылайша баукеспеден сегіз велосипед тәркіленіп, олардың төртеуінің иесі табылды. Қалған төрт велосипедтің иесі іздестіріліп жатыр. Бір қызығы, күдіктінің азаматтық некедегі әйелі былтырдан бері күйеуінің 25 велосипед ұрлап, сатып жібергенін полицияға хабарлапты. Қазір күдіктіге қатысты ҚР ҚК 188-бабына (ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Орал: Бір жылда 25 велосипед ұрлаған баукеспені әйелі ұстап берді
449
Видео
Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті