​Түркістан облысында қатты жауын жауып, бүлдіршін қайтыс болды

Теги: ,
250

Түркістан облысында бүгін, 26 қазанда сағат 01.00-ден 6.00-ге дейі үздіксіз жауын-шашын жауды. Қазіргі таңда құтқарушылар қатты жаңбырдың салдарын жойып жатыр. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментіндегілер хабарлады.

Табиғи құбылыстың салдарынан Қазығұрт, Бәйдібек, Сарыағаш аудандарында жеке тұрғын үйлерді, 21 аула аумағын су басты. Салдарынан 13 ұсақ мал қырылды. Сонымен қатар 2020 жылы дүниеге келген бүлдіршін Қазығұрт ауылында сағат 09-30 шамасында көз жұмды. Ересектердің қарауынсыз қалған екі жасар бала өз үйінің ауласында жаңбыр суымен толған шұңқырға құлап, суға батып кеткен.

«Жағдай Түркістан облысы әкімдігі мен Төтенше жағдайлар департаментінің бақылауында. Тиісті күштер мен құралдар құрылды. Қазіргі уақытта су айдау жұмыстары жүргізілуде» делінген ведомство мәліметінде.

Предыдущая запись
ІІО-да қызмет еткен Ұлы Отан соғысының ардагері 98 жасқа толды
Следующая запись
​Шымкентте «Чак-Чак байрамы» аталып өтті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню