465
Полицияның мәліметінше, оқыс жағдай туралы бүгін күндізгі сағат 12:06-да 102 телефонына қоңырау келіп түскен. Онда Ғ.Иляев көшесіндегі жарылыс туралы хабарлама келіп түсті.
«Оқиға орнына Шымкент қаласы ПД басшылығы, жедел-тергеу тобы мен ТЖД қызметкерлері шықты. Келген бойда жарылыс нәтижесінде №138 ауруханааралық дәріхана ғимараты жойылғаны анықталды, онда тұзды ерітінді өндіріледі. Жарылыс нәтижесінде пайда болған өртті ТЖД қызметкерлері толығымен оқшаулады. Алдын-ала мәліметтер бойынша, жарылыстың себебі газдың жиналуынан болған. Оқиға орнында күзетші қаза тапты. Басқа зардап шеккендер жоқ. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр», деп хабарлады Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.