419
Аймақтағы көлік жолдарының жай-күйін полиция қызметкерлері тексеріп шыққан. Нәтижесінде көлік пен жаяу жүргіншілердің қауіпсіз қозғалуына кедергі келтіретін 250-ден астам ақау анықталған. Көбі — жолдағы ойық-шұңқырлар. Кемшілікті жою мердігер мекемелерге жүктелді. Ал жолдағы келеңсіздіктерге көз жұма қараған аудан және ауылдық округтердің 20 әкімі, облыстық, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармаларының үш басшысы, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығының 7 бас маманы, жол-коммуналдық қызметтен 31 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды. Оларға айыппұл салынды.