404
Мәселен, «Hyundai Premium Atyrau» автосалоны менеджерлерінің айтуынша, таңертеңнен бастап бағдарламаны пайдаланғысы келетін адамдар көптеп келген. Алайда өзге қалалардағыдай дүрлігіп, шу туғыза қоймапты. Көпшілігі көліктің бағасын біліп, ай сайын төлейтін төлемдерді есептетіп, көліктің сипаттамасын білгісі келген.
— Әдетте бұл уақытта адамдар онша көп болмайтын. Бүгін әлдеқайда көп. Бірақ бұған таң қала қоймадық. Бәрі жеңілдікті несиелендіруге қызығушылық танытып жатыр. Несиені банк береді, сондықтан адамдар бірінші кезекте екінші деңгейлі банктерге мақұлдау алу үшін жүгінуіне кеңес беріп жатырмыз, — дейді автоорталық менеджерлері.
Айта кетейік, бағдарлама шарты бойынша кез келген қазақстандық 4 пайыз несиеге автокөлік сатып ала алады.