321
Қазығұрт ауданында «Шымкент-Ташкент-Термез» күре жол бойынан үш бірдей жер үсті көпірі пайдалануға берілді. Бұл — жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін маңызды нысандар.
Мердігер компания «ПК Шымкентдорстрой» ЖШС жұмысты уақытынан бұрын аяқтап отыр. Жалпы үш көпірдің құрылысына республикалық бюджеттен 906.3 млн. теңге қаржы қаралған. Енді ауданның бірнеше ауылының тұрғындары күре жолдан қауіпсіз жағдайда жаяу өте алады, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.