Түркістан: жаңбыр суынан зардап шеккендерге 100 млн. теңгеден астам көмек беріледі

Теги: ,
268

Қазығұрт ауданындағы нөсер салдарынан зардап шеккен тұрғындарға қаржылай көмек көрсетіле бастады. «Қызыл жарты ай» қоғамы 104,6 млн. теңге бөліп, су кірген үйлердегі 173 отбасыға 100 мың теңге көлемінде ақшалай көмек көрсетуін бастады.

Шығындарды өтеу үшін облыстық бюджеттен де қолдау көрсетіледі. Комиссия тарапынан мал басы нақтыланып, ғимараттар мен үйлер, қосымша құрылыс құны есептелуде. Өкінішке қарай, көптеген нысандардың құжаты жоқ, олар да зерделеуден өтуде. Жаңа туған төрт түлікке де өтемақы беру жағы қарастырылмақ, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметіндегілер.

Өңірде жалпы 800-ден астам ерікті мен өзге де азаматтар селден құлаған, зақым келген қора-қопсыларға және тұрғын үй мен аулаларды тазалау жұмыстарына белсене көмек беруде. Демеушілер, депутаттар тарапынан да қолдау бар.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Қазығұрт ауданына барып, қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Тұрғындардың талап-тілегі мен өтініштерін тыңдады.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен, облыстық комиссия құрылып, жұмыс істеп жатыр. Ешбір тұрғын көмексіз қалмайды. Үй жануарларының шығынына ережеге сәйкес өтемақы төленіп, тұрғын үйлер қалпына келтіріледі. Шаруашылық ғимараттарды жөндеуге көмек көрсетіледі. Бұның бәрі қатаң бақылауда тұр. Өздеріңіз білетіндей, су тасқыны болған ауылдарда төтенше жағдай департаменті, жергілікті әкімдіктердің қызметкерлері, еріктілер жұмыс істеп жатыр. Әр нысан толық қалпына келтіріледі, – деді Өмірзақ Шөкеев.

— Елдің ішінде болғанымызға қуандық. Әкімдер бірден келді. Жастар үйді үш күн жүріп, толық тазартып берді. Көршілер көшуге көмектесті. 2003 жылы көрші Өзбекстаннан қоныс аударып едік. Содан бері үйдің құжатын дайындауға мән бермеген екенбіз. Әкімдік оған көмек берілетінін айтып, қуантты. Үйіміз каналдың жанында тұрғаннан, су асып түсті. Қираған жоқ. Бірақ енді мұнда тұру қиын. Үй орнына үй беретін болды. Осы ауылдан сатып алуға, не салуға қаражат бөлінетін болды. Таңдау — өзімізден. Алғыстан басқа айтарым жоқ, — деді Заңғар ауылының тұрғыны Жанәлі Мырзабеков.

— Жан-жақтан су келді. Үйден шығып үлгердік. Бірінші күннен бері келіп, көмек беріп жатыр, бізге. Бесінші күн болды міне, азаматтар күнде осы жерде жүр. Әкімдіктен келіп жатыр. Бәрі осы жерде жүр. Біздің ауылда үй аулаларына ғана зақым келді. Шүкір. Эмоцияға беріліп, кейбіреулер орынсыз сөздер айтқан да болар. Өзіміз ризамыз. Көп рақмет айтамыз бәріне, — дейді Жиделі ауылының тұрғыны Айша Кененбаева.

Бір апта бұрын Түркістан облысының Қазығұрт, Сарыағаш аудандарында жауын-шашын мөлшерден артық жауып, Кентау қаласында қатты жел соғып, табиғи апат болды. Жалпы су тасқынынан Қазығұрт ауданындағы 11 елді мекенде 41 үйді су басып, 1 үй құлаған. 71 қора-қопсыны су басып, 27-сі құласа, 1 коммерциялық нысанды су басқан. Аудан бойынша 468 уақ мал, 5 ірі қара, 2 жылқы, 17 тауық шығыны болған. 50 бал ара жанұясы ағып кеткен.

Предыдущая запись
Шымкентте аралардың жаппай қырылуы тіркелді
Следующая запись
Түркістан облысы: Қазығұртта 3 көпір пайдалануға берілді

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню