385
Полицияның ақпараты бойынша, 29 жастағы ер адам 101-атқыштар дивизиясы көшесінде тұрған Lada Priora көлігінен белгісіз біреу қара пакетке салынған ақшаны ұрлап кеткенін айтып, арыз түсірген. Пакетте 23 млн теңге болған. Жедел іздестіру шарасын жүргізген тәртіп сақшылары шағымданушының сөзі ұйқаспайтынын, ал ұрлықтың басқа ауданда болғанын анықтаған. Полиция барлық айғақты көрсеткеннен кейін ер адам ұрлықты өзі ұйымдастырғанын мойындады. Ұрының «рөліне» танысын көндірген. «Қойылымды» ұтысқа жіберген ақшаны әйелінен жасыру үшін ойлап тапқанын айтқан.
Бұл ісі үшін ер адам сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Полиция ҚР ҚК 419-бабы 3-бөлігі «Көрінеу жалған сөз жеткізу» дерегі бойынша тергеуді бастады.