372
Өрт сөндірушілерге Еңбекші ауданы, Ш. Уалиханов көшесіндегі көпқабатты үйдегі тілсіз жау туралы түнгі сағат 03:30-да хабар берілген. Төтеншеліктер жеткен кезде бір пәтердің үй заттары мен екі 2 дана пластик терезе жанып жатқан. Тұрғындар шұғыл эвокуацияланды. Ал жоғарғы қабатта орналасқан пәтерлердің бірінде өздігімен сыртқа шыға алмаған 1943 жылғы қарт әжейді өрт сөндірушілер қауіпсіз жерге шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тексеру үшін дер кезінде табыстады.
Өрттің көлемі 22 ш.м. құрады. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда, деп хабарлады ТЖД баспасөз хатшысы.