Атырауда Кеңөзек ауылы халқы әкіміне қарсы шықты

Теги: ,
347

Олар ауыл әкімінің сайлауға қайта түсуіне бірауыздан қарсы. Айтуларынша, 4 жыл бойы округ басшысы болған Ернар Өтешқалиев ауыл мүддесі үшін көзге ілігерлік жұмыс атқармаған. Сөйте тұра, жақында өтетін ауыл әкімінің сайлауына өз кандидатурасын ұсынып қойыпты.

«Клуб жоқ. Мәденеиет үйі жоқ. Ойын алаңы жоқ. Мына бақты ауылдың 1984 жылы туған балалары салды. Тіпті наурыз мерекесін де өздері ұйымдастырды. Әкімге барған кезде, қолдамаған. Мына өзектің екі жағы бірдей қоқыстан толып тұр. Ауыл да қоқысқа толы. Оны тазалап жатқан ешкім жоқ. Әкім ұйымдастырып, бақылау керек емес пе?- дейді Рая Бектұрғанова.

Ауылда проблема шаш етектен: жаздық су құбыры мен жаяу жүргіншілер жолы жоқ, бірнеше көше жарықтандырылмаған, оқушылар ауылдағы жалғыз мектепте 4 ауысыммен оқиды. Былтыр жұмысын тоқтатқан карьердің беті әлі жабылмай тұр, көпір мен санитарлық тазалық та сын көтермейді.

Ал ауыл әкімінің уақытша міндетін атқарушы Үміт Есенғалиева тұрғындардан түскен аз ғана салықпен проблеманың бәрін бір мезгілде шешу мүмкін емес,- дейді. Дегенмен қалалық әкімдік пен тиісті басқармаларға ұсыныстар жолданатынын айтты.

«Біздің жергілікті бос қалдықта 11 млн қаражатымыз бар. Оны жазғы су жүйесіне деп жоспарлағанбыз. Бірақ бізде қазір бұралқы иттер көбейіп кетті. Сондықтан ол ақшаны қазір екіге бөліп отырмыз. Жартысын жазғы су жүйесіне, қалғанын бұралқы итті жоюға»- деді ол.

Айта кетейік, сайлауға бұрынғы әкімнен өзге үш кандидат түскен. Алайда тұрғындар үміткерлер тұрмақ бұрынғы әкімнің өзін танымаймыз,-дейді. Бұл лауазымға ауылдың іскер азаматтары сайланса,- деген ниетте. Олар алда өтетін ауыл әкімінің сайлауына 100 пайыз қатысамыз,- дейді. Және әділ өтуін бақыламақ.

Предыдущая запись
Шымкент: көпқабатты үйдегі өрт кезінде қарт әжейге көмек керек болды
Следующая запись
Атырауда алып бекіре тұқымдас қорытпа балығы ауланды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню