Түркістан облысы: балабақшаға кетіп, ауыр жарақат алған бүлдіршіннің анасы кінәлілерді сотқа бермек

Теги: ,
417

1,5 жасар Хан Дидарұлы есімді сәбидің анасы болған жағдайды баяндады. Ажар Пернебектің пайымынша, таңертең балабақшаға бала таситын жеке автокөлікке салып жіберген ұлын көлік сүйреп кеткен болуы әбден мүмкін.

Айтуынша, Отырар ауданы Шәуілдір ауылындағы бұл жағдай таңғы тоғыздар шамасында болған. Бірақ үйде бала күтімімен отырған жас анаға ұлының жағдайын тәрбиеші түске таман ғана жеткізіпті. Онда да «құлапқалды» деп жыламсырап кешірім сұрапты.

Ажар Пернебек, сәбидің анасы:

Машинада бұның аяғы қайрылып, қыстырылып қалды, сол кезде құлап қалды,- дейді. Біздің ойымыз, оның аяғы қыстырылғаны анық. Бірақ ұлым сол уақытта аяғы қайрылып қалғандықтан құлаған, сол кезде көрінбей қалады емес пе, көрінбей қалғасын жүргізуші оны түсті екен деп ойлап жүріп кеткен, сүйреген бірәз жерге дейін.. Баламның басында үш жерден қып-қызыл гематома, ісіп кеткен. Бет аузы деген қан жоса, сырылған, жырылып қанталаған бірәз жері. Ал аяғысол жақ жамбасы ісіп кеткен, салбырап тұр. Маған дер кезінде хабар берместен балабақшадағылар аяғын салбыратып емшіге апарып , деп салдырып үлгеріпті. Жедел жәрдем де шақыртпаған. Мен бұл істі аяқсыз қалдырмаймын.


Орташа ауыр дәрежеде жеткізілді. Беті мен басының терілерінің жарақаты, жамбас тұстарыныңсырылғанжарақаттарымен келіп түсті.Ең ауыры сан сүйегінің жабық сынығы, жоғары үштен бір бөлігінен ығысуымен сынған. Баланың жамбасына операция кезінде қазіргі таңда екі титан салынды. Кішкентай науқастың жалпы жағдайы бүгін орташа ауырлық дәрежеде болды, тұрақты қалыпты. Жамбасына салынған темірді 6-8 айдан соң тағы бір операция арқылы алатын боламыз.

Облыстық балалар клиникалық ауруханасының хирургтары сәбидің жамбас сүйегіне операция жасаған. Дәрігерлер баланың жағдайы орташа ауыр екенін айтты.

Ғалым Байтөре, Облыстық балалар ауруханасы жарақат бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы :

Отырар аудандық Адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы бүлдіршін«құлап қалғанына» сенімді.

«Бала сол күні ата-аналардың бастамасыменбалабақша тәрбиеленушілерін тасымалдайтын «Фольксваген Опель» маркалыжеңіл автокөлігінен түсіп, өз тәрбиешісіне қарай жүгірген кезде тасқа сүрініп құлаған. Соның салдарынан баланың беті мен бас терісі сырылған, аяғының сан сүйегі сынған. Оқиға орын алған соң, ата-анасына хабар беріліп, Хан Дидарұлы ауруханаға жеткізілген. «Болашақ» балабақшасының меңгерушісінен хабарламаны уақытылы бермегені үшін түсініктеме алынып, жауапкершілігі қаралуда»,- деді Отырар аудандық Адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Жанат Мұсатаева.

1,5 жасар бүлдіршін нақты қандай жағдайда мұндай күйге түскенін полиция анықтауға кірісіп кетті.

Гүлнәр Әбдірахманқызы,Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы:

-Қазіргі таңда Отырар аудандық полиция бөлімінің полицейлері ҚР ҚК-нің 345-бабы «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша жеңіл көліктің жүргізушісіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Полицейлер баланың қалай жарақат алғанын және жарақат алуына не себеп болғанын, сонымен қатар осы оқиғаға қатысты басқа да мән-жайды тексеруде. Оқиғаның толық мән-жайы тергеу барысында анықталатын болады.

Предыдущая запись
Түркістан облысында балалақшаға кеткен бүлдіршін үйіне түрлі дене жарақатымен оралған
Следующая запись
Чиновница из Нур-Султана: «Муж во время беременности прижигал утюгом и кидался на меня с ножом»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню