Шымкенттегі саябақтардың бірінде жасанды құздан құлаған жігіт билетсіз кіріп кеткен

Теги: ,
356

Мұны бүгін тілшілердің сауалына жауап берген саябақ директоры айтты.

Бекболат Төлеевтің сөзінше, оқыс жағдайға ұшыраған жігіт құзға рұқсатсыз, арнайы қадағалаусыз өрмелеп кеткен. Оның белдікті таққан тақпағаны маған белгісіз. Бірақ оның қауіпсіздік талаптарын өрескел бұлъзғаны анық деді. Айтуынша, бұл жағдай кешкі сегізден өте болған. Бұл уақытта аттракционға жауапты оператор ауыз ашуға кеткен екен. Құлаған жігіт біздің тұрақты тұтынушымыз. Сондықтан бұрыннан шығып жүрген шыңы болғандықтан ешкім жоқ болғанына қарамасан бірден өрмелеп кеткен болуы мүмкін екенін айтады. Төлеев жігіттің жанында сол кеште таныс қызы болғанын, бірақ оның өзі не болғанын аңдап үлгермей қалғанын жеткізді.

Бекболат Төлеев, саябақ директоры:

Оператордың орнында жоқтығын пайдаланып кіріп кеткен болып тұр ғой. Біздің маман кассаға ескертіп кеткен, ешкімді кіргізбеңіздер, билет сатпай тұра тұрыңыздар деп. Ол жігіт асығыспен кірген ішке қарай. Бірден жоғарыға шығып кеткен төбеге қарай. Билет алмағаны анық. Бұрыннан келіп жүрген адам. Өзіне сенген болса керек. Меніңше, шамамен түсіп жатқан кезде 4-5 метр қалған кезде болған жағдай ғой деп ойлап тұрмын. Ол төбеде тұрып шайқатылған әрлі-берлі. Шайқатылғаны соншалықты губкаға түспеген ғой, сыртына шығып кеткен ғой, темір қоршаудың сыртында жатыр.

Жігіт құлап түскеннен кейін оқиға орнына келдім деген директор қауіпсіздік белдігінің үзілуі мүмкін емес деді.

-Біз белдіктердің барлығын жыл сайын Ресейде тексеруден өткізіп тұрамыз. Ол жігіт ішке асығыс кірген. Менің ойымша, ол белдікті дұрыс қадамаған асыққаннан. Егер ол жерде оператор болғанында барлығын тексеріп барып қана биікке шығуға рұқсатын беретін еді. Ал кеше белдікті тақты ма, жоқ па, тақса қалай тақты, ол жағын біле алмай тұрмын, — деді саябақ директоры.

Айта кетейік, Бәйдібек би көшесінің бойындағы саябақта орналасқан жасанды құздан құлаған жігіттің жағдайы бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. 20 жастағы жігіт жансақтау бөлімінде жатыр. Оның басына операция жасалған. Дәрігерлер жағдайын ауыр деп бағалады.

Предыдущая запись
Шымкентте шағын несие ұйымының қызметкері жалған қарақшылық шабуыл ұйымдастырған
Следующая запись
Ақтөбе облысы: далада шашылып жатқан мал өлексесі ауыл тұрғындарын шошытты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню