Ақтөбе облысы: далада шашылып жатқан мал өлексесі ауыл тұрғындарын шошытты

Теги: ,
418

Ойыл ауданы Қаратал ауылының тұрғыны мал қорымының айналасында шашылып жатқан ондаған өлексені видеоға түсірген. «Міне біздің мал мола. Бұл қалай болғаны? Жайылымның болашағы қандай болады? Ауыл тек малмен күн көріп отыр», — дейді тұрғын. Ол сондай-ақ, өлексені көметін кісі іздеп жатқанын айтады.

Ақтөбе облыстық ветеринария басқармасының өкілі Иса Базаров Қаратал ауылында жаппай мал қырылу дерегі тіркелген жоқ деді. Оның сөзінше, өлекселер қыс бойы жиналған. Мал өлген кезде иелері ветеринарға ескертпестен, қорымға тасып, көмусіз қалдыра берген.

«Бұл — аурудан өлген мал емес. Шөптің бітіп, малдың әлсірейтін кезі, қыстан шыға алмай қалған мал бұл. Бүгін санитарлық-ветеринарлық ережелерді сақтай отырып, өлексенің бәрі жойылады», — деді әкімдік өкілі. Ол сондай-ақ, малдар инфекциядан өлмегендіктен, сынама алынбайтынын жеткізді.

Предыдущая запись
Шымкенттегі саябақтардың бірінде жасанды құздан құлаған жігіт билетсіз кіріп кеткен
Следующая запись
«Альфа-банк Казахстан» начал поиск нового собственника из-за санкций

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню