376
Бұл сұмдық оқиға туралы «НеМолчиKZ» қорының жетекшісі Дина Таңсәрі Facebook-тегі парақшасында жазды. Қоғам белсендісінің айтуынша, азғын «әке» кішкентай қызға бірнеше рет жәбір көрсеткен. Бұл сұмдыққа қорғансыз қыздың сіңлісі де еріксіз куә болыпты. Ал олардың анасы сол кезде перзентханаға босануға кеткен екен. Дәрігерлер жәбірленушінің тік ішегі зақымданғанын анықтаған. Бірақ полиция сот-дәрігерлік сараптаманың нәтижесін күтіп отыр. Дегенмен күдіктіні көлікті мас күйінде айдағаны үшін айыптап, 15 тәулікке қамаған. Қоғам белсендісі азғын еркек үйіне оралғасын, қыздарды қайтадан жәбірлей ме деп алаңдаулы. Бүгінде БҚО полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу амалдары бастаған.