Орал: қала іргесіндегі ауылдар қар құрсауында қалды

Теги: ,
521

Орал қаласынан 15 шақырым жердегі Трекин аулының қарын аршуға жіберілген арнайы техниканың өзі қарға батып қалды. Қарға батқан автогрейдерді ауыл тұрғындары күрекпен аршып әзер шығарып алды. Бірақ ауыл көшелерінің қары ақыры тазаланбады. Арнайы техниканың жанармайы бітіп жолда қалды. Ашынған ауыл тұрғындары бұл жағдайдың жыл сайын қайталанатынын айтады. Трекин ауылының байырғы тұрғыны Манарбек Кушалиевтің әкімдіктің көмегінен күдер үзіп, жеке кәсіпкерлердің меншігіндегі арнайы техниканы өз ақшасына жалдайтынын айтады:

— Қар қалың жауған ақпан мен наурыз айларында таңертең жұмыс пен сабаққа кешікпей бару мүмкін емес. Бәрінен бұрын оқушыларға обал. Оларға алаңдаған ата-аналар жұмысынан қалады. Бас ауырып, балтыр сыздаса «Жедел жәрдем» ауылға кіре алмайды. Негізі ауылды қардан тазарту ісін жергілікті әкімдік ұйымдастырып, мұндай олқылыққа жол бермеуі керек қой. Өкінішке қарай, әкімдер бар кінәні мердігерге жабудан әріге аса алмайды.

Қалың қардың кесірінен үзілген электр желісін жалғауға келген энергетиктер де далада қалды. Тұрғындар мамандарға берілген трактордың өзі батып қалғанын айтады

Предыдущая запись
Шымкент полицейлері нақты уақыт режимінде интернет арқылы порнографиялық қызмет ұсынумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтады
Следующая запись
ДНК-капитал от Ассоль

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню