Шымкент: ойын алаңшасынан табылған нәресте бөбектер үйінде

Теги: ,
442

Ұл бала бұған дейін балалар клиникалық ауруханасында болды. Денсаулығын жіті тексерген дәрігерлер нәрестені бүгін Шымкенттегі бөбектер үйіне ауыстырды.

Жаңа туған баласынан бас тартқан ана қазір тергеуге жауап беріп жатыр. Полиция «Қауiптi жағдайда қалдыру» бабымен іс қозғаған. Тастанды баланың анасы 1995 жылы туылған азаматша кеше анықталып, тергеуге жеткізілген болатын.

Бөбектер үйінің дәрігерлері шақалақтың денсаулығы қанағаттанарлық жағдайда екенін айтты.

«Нәрестені бүгін таңертең біздің бөбектер үйіне әкелді. Оны әрі қарай динамикалық бақылау үшін оқшау бөліміне орналастырдық. Баланың денсаулығы жақсы. Талдау нәтижелері жас нормасы шегінде. Бөбектер үйінде температуралық режим қамтамасыз етілген. Балаға бейімделген сүт қоспасы тағайындалған. Бала белсенді, қоспаны әр үш сағат сайын ішіп жатыр. Қазіргі уақытта нәрестеге ешқандай шағым жоқ, — деді бөбектер үйінің дәрігері Гүлмира Мирюсупова.

Салмағы 3,2 келі, бойы -50 см болып тулыған ұл бала 10-наурыз күні көпқабатты үйлердің маңындағы ойын алаңшасынан табылды. Жылап жатқан шақалақты сол маңнан өтіп бара жатқан екі қыз тауып, жедел жәрдем қызметіндегілерге тапсырған еді.


Предыдущая запись
Ақтөбе облысы: «Қазақойл Ақтөбе» компаниясының жұмысшылары еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін енгізуді талап етіп жатыр
Следующая запись
В настоящее время на фоне реализации внешних шоков наблюдается рост спроса на наличную иностранную валюту

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню