Ақтөбе облысы: «Қазақойл Ақтөбе» компаниясының жұмысшылары еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін енгізуді талап етіп жатыр

Теги: ,
227

Бейбіт жиынға таңертең шыққан белсенділер әлі тараған жоқ. Жұмысшылар сәрсенбіге дейін тұрамыз дейді. Бүгін наразы топпен компанияның техникалық директоры кездесіп, сәрсенбіде жағдайға қатысты бір шешім айтатынын хабарлаған.

Қожасай мен Әлібекмола кен орындарында еңбек ететін жүзге жуық жұмысшы бүгін таңертең ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың, «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Басқарма төрағасы А. Айдарбаевтың және облыс әкімі О.Оразалинның атына бейне-үндеу жолдаған болатын:

«Біз, «ҚазМұнайГаз» және Caspian Investments Resources Ltd (Sinopec) компанияларының біріккен тең құқылы кәсіпорны — «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-і жұмысшылары компания акционерлерінен «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобына ортақ еңбекақы төлеу жүйесін енгізу жөніндегі сұрақтың шешімін 2016 жылдан бері күтіп жүрміз. Бізге аталған жүйені енгізу мүмкін емес деп алты жыл бойы түрлі сылтау айтылып келеді», — дейді жиналған топ.

Жұмысшылардың айтуынша, «Қазақмұнайгаз» компаниялар тобына жататын Ақтөбедегі «Қазақтүрікмұнай», «Өріктау Оперейтинг» компанияларында қызметкерлердің жалақысы бұлардан екі есе жоғары.

«2022 жылы «Қазмұнайгаз» АҚ ҰК еңбекақы төлеудің ортақ жүйесін енгізуге келісім берді. Ал, Sinopec бұған қарсы. Біз осы себеппен бейбіт жиынға шығып тұрмыз және «Қазақойл Ақтөбе» компаниясының жұмысшыларына еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін енгізуді талап етеміз», — деді жұмысшылар. Петицияға 400-ден астам жұмысшы қол қойған.

Ақтөбе облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-де еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі енгізілсе, жұмысшылардың жалақысын 20%-дан 60%-ға дейін көтеру керек болады. «Жағдайды реттеу үшін еңбек инспекторлары кәсіпорын басшысымен кездесті. Жалақыны көтеру мәселесі құрылтайшылардың қарауына жіберілді», — делінген ресми хабарламада.

Әкімдіктің ақпараты бойынша, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-і штатында 550 жұмысшы бар. Олардың орташа жалақысы – 400 мың теңге. Ал кен орнындағы жұмысшылар «шын мәнінде, қолға небәрі 220-250 мың теңге аламыз»,- дейді.

“Қазмұнайгаз” АҚ ҰК мен Sinopec компаниясы бұл жағдайға қатысты әзірге ешқандай түсініктеме таратқан жоқ.


Предыдущая запись
АТЫРАУ: Еліміздің батыс өңірі 14 наурыз «Көрісу» немесе «Амал мерекесін» атап өтті
Следующая запись
Шымкент: ойын алаңшасынан табылған нәресте бөбектер үйінде

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню