Орал: қала тұрғындары қапшық-қапшық қантты сөреге жасырып, сатпай отырған супермаркеттің қулығын әшкереледі

Теги: ,
670

Олар сауда орнының қожайыны қолда бар тауарды шығармай, кейін қымбатқа сатпақшы деп кінәлайды. Өйткені супермаркетте қант сөрелері бос тұр. Ал қапталған тауардың беті бүркеліп, бір бұрышқа елеусіз жиналыпты.

БҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының ресми өкілі Мейрам Қабдығалиев мұның уақытша шара екендігін жеткізді. Өйткені азық-түлік таусылады деген қауесетке сенген халық дүрлігіп, қантты бір мезетте түгел сатып алатынын, сондықтан бұл өнімнің лимитпен сатылатынын жеткізді:

— Бұған Ресей азаматтарының Оралдан азық-түлікті қапшықтап сатып алып, еліне тасып жатқаны туралы әңгіме себеп болды. Қазір облыста ресейлік нөмірлі көліктер өте көп. Шалғай ауылдағы ағайын қалаға келгенде керегін көп етіп сатып алады. Ауылда дүкен ұстайтын кәсіпкерлер де солай. Қалалықтар оларды сырттай көргенде ресейліктермен шатыстыруы мүмкін. Мысалы, нөмірі ресейлік «ГАЗельдерге» күн сайын жәшік-жәшік тамақ тиеліп жатқасын, солай ойлаған. Содан осындай қауесет тараған. Көтерме сатушы кәсіпкерлер де басқа елден ешкім келмегенін айтады. Сондықтан бос дүрлікпей, сабыр сақтауын сұраймыз.

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің ресми өкілі Әлішер Өмірзақ елімізде қант тапшылығы жоқ екендігін мәлімдеді. Оның айтуынша, сауда желілері мен тұрақтандыру қорларында қанттың үш айға жететін қоры бар әрі осы өнімді шығару жалғасып жатыр. Яғни, қолда бар қор толтырылып отырады. Демек, «үш айдан кейін қор таусылады, қант тапшылығы болады» — деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Еліміздегі қант өндірісінен бөлек, басқа мемлекеттерден импорттау мүмкіндігі бар. Сондықтан ажиотажға ермеуге шақырамыз,- дейді ресми өкіл.


Предыдущая запись
Дивный подземный сад
Следующая запись
Шымкент: Тұран шағын ауданындағы «Адия» тұрғын үй кешені 97915 үйдің тұрғындары тағы да сасық иістен дем ала алмай отыр

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню