394
14-ақпанда болған оқиғаны тексерген еңбек инспекторлары осындай қорытынды жасап отыр.
Байланыс бригадасы кабельдер өтетін құдықтың ішіндегі мұзды тазартып жүрген кезде бу генераторы жарылған. 44 және 25 жастағы екі жұмысшы жедел жәрдем ауруханасының жан сақтау бөліміне жеткізілген. Аяқ-қол сүйектері сынған олар әлі ауруханада жатыр. Біреуіне тері алмастыру отасы жасалуы керек.
Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Абдуахат Мырзалинның айтуынша, зардап шеккен жұмысшылар қолдан жасалған бу генераторын пайдаланған. «Бұл жерде жұмыс берушінің кінәсі анық. Себебі, адам өміріне қауіпті құралды қолдануға жол берген. Тексеру материалдарын полиция департаментіне жолдаймыз», — деді еңбек инспекторы