584
Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам. Ауылдасын алдап, көлігін тақымға басқан БҚО Бөрлі ауданының тұрғыны айласын асыра алмады. Ол былтыр күзде өз ауылдасының «Toуоta Alphard» маркалы көлігін жалға алыпты. Бірақ арадағы уағдаластықты орындамай, көлігін иеленіп кеткен. Бұған ашуланған азамат полицияға арызданыпты. Тергеу кезінде суайт көршіден келген шығын көлемі 6 млн тг екендігі белгілі болды. БҚО полиция департаменті осы оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігі (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған. Ұсталған азамат кінәсін мойындағанымен, көлік әлі қайтарылмапты.