Қазақстан пойыздарындағы төменгі сөрелердегі орындар үстіңгі орындарға қарағанда 20% қымбат болады

232

Ұлттық тасымалдаушы коммерциялық пойыздардың үстінгі орындарына 20% жеңілдік енгізуде

Пилоттық режимде «Жолаушылар тасымалы» АҚ 2022 жылғы 1 желтоқсаннан бастап 2023 жылғы 28 ақпанға дейін жөнелтілетін коммерциялық пойыздар вагондарындағы жоғарғы және төменгі орындарға жол жүру құнына сараланған тәсілді енгізеді. Жоғарғы және төменгі орындар арасындағы жол ақысының айырмашылығы 20% құрайды.

«Жоба вагондағы орындарды біркелкі бөлу, сондай-ақ жолаушылардың төменгі орындарға деген сұранысын қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылады», — деп түсінік берді «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Сараланған тәсіл келесі жолаушылар пойыздарында қолданылады:

1. № 111/112 «Алматы – Маңғыстау»;

2. № 51/52 «Алматы – Орал»;

3. № 105/106 «Алматы-Петропавл»;

4. № 71/72 «Астана-Шымкент»;

5. № 29/30 «Алматы-Атырау».

Предыдущая запись
Места на нижних полках в казахстанских поездах станут дороже верхних на 20%
Следующая запись
350 км за двое суток: достижение военнослужащего занесено в Книгу рекордов Казахстана

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню