8 жыл халықаралық іздеуде жүрген зейнеткер әйел Ресейде ұсталды

8 жыл халықаралық іздеуде жүрген зейнеткер әйел Ресейде ұсталды
322

8 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық зейнеткер Ресей Федерациясында ұсталды.

«Орловск облысы бойынша Ресей Федерациясы ІІМ-нің “Новосильское” бөлімшесінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Қазақстан Республикасының азаматшасын ұстады. Ол алаяқтық қылмыс жасады деген айыппен іздеуде болды. Күдікті 2010 жылдың сәуір айында жалған құжаттар бойынша алаяқтық жолмен 1,5 млн теңгеге жәбірленушіге банкте кепілде тұрған Мұнайлы ауданы мекенжайы бойынша жер учаскесін сатқан. Сондай-ақ, осы жылдың маусым айында өзінің қылмыстық ниетін жалғастыра отырып, жәбірленушіге Мұнайлы ауданындағы жер учаскесін жалған құжаттармен 4,5 млн теңгеге сатты» деп атап өті Маңғыстау облыстық Полиция департаментіндегілер.

Күдіктінің алаяқтық әрекеттерінен 74 жәбірленуші зардап шеккен. Келтірілген материалдық шығын 50 миллион теңгеден астады.

71 жастағы күдікті Ресей ІІМ Новосильск бөлімшесінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Алдыңғы пост
​Түркістандық әйел бірнеше тұрғынды сазға отырғызып кетті
Келесі пост
Тең мүмкіндіктер: ерекше қажеттіліктері бар жастар колледждерге көбірек түсе бастады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu