Ақтөбелік жігіт жалған полицейлердің қызметтік куәлігін сатумен айналысқан

390

Ақтөбеде облыстық Полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметкерлері ішкі істер органдары қызметкерлерінің жалған қызметтік куәліктерін дайындау және сату бойынша қылмыстық әрекеттің жолын кесті. Анықталғандай жергілікті тұрғын компьютердің, түрлі-түсті принтердің және ламинатордың көмегімен жалған полиция куәліктерін жасап, қарапайым тұрғындарға сатқан.

Polisia.kz жазуынша, оның пәтерін тінту кезінде кеңсе жабдықтарынан басқа ІІМ қызметкерлерінің куәліктеріне арналған жүзден астам мұқаба алынды. Күдікті жедел уәкілдің “корочкасын” сатқаннан кейін арнайы іс-шараларды өткізу кезінде ұсталды. Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті жасап, сатып үлгерген жалған қызметтік куәліктерді анықтау және тәркілеу бойынша шаралар қабылдануда.

Алдыңғы пост
Қаңтар оқиғасы кезінде Жансейіт Түймебаевтың ұлын кім атқаны белгілі болды
Келесі пост
10 млн теңге көлемінде грант алмақ болған тұрғын ақшасынан айырылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu