Қаңтар оқиғасы кезінде Жансейіт Түймебаевтың ұлын кім атқаны белгілі болды

225

Қаңтар оқиғасы кезінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлын кім атқаны белгілі болды. Бұл туралы белгілі журналист Михаил Козачков Telegram-каналында жазды.

«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды деген хабар жетті. Оның десантшы екені белгілі. Әзірге одан басқа ақпарат жоқ» делінген жазбада.

Еске салсақ, 6 қаңтар күні кешкі сағат 18.35 минут шамасында Алматыда ректордың 26 жастағы ұлы оқ жарақатынан көз жұмды.  Ол Н.Назарбаев көшесімен жоғары көтеріліп, үйіне қайтып келе жатқан. Қ.Сәтпаев көшесіне жетпей, қиылыста тоқтап тұрған сәтінде көлігіне белгісіз адамдар бірнеше рет оқ атқан. Елнар Жансейітұлы оқиға орнында көз жұмды.

Ректор ұлының өлімі бойынша тергеу жұмыстары ІІМ әскери-тергеу басқармасына тапсырылды.

Алдыңғы пост
Діни тақырыптағы сұрақтарға мүдірместен жауап берген бүлдіршінге жұрт тәнті болды
Келесі пост
Ақтөбелік жігіт жалған полицейлердің қызметтік куәлігін сатумен айналысқан

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu