393
Астанада ломбардтардың бірінен күзет тонын үптеп кеткен ер кісінің әрекеті ондағы бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Бейнежазбадан оның сауда орнындағы ломбард бутигіне кіріп, ілулі тұрған тондарды қарап жүргенін байқауға болады. Ондағы қызметкер басқа келушілермен алданып тұрғанын пайдаланған ер азамат қымбат тонды сырт киімінің ішіне салып, жасырын ұрлап кеткен.
Полицейлер ұрлық фактісін Қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша тіркеп, сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Күдікті өз кінәсін мойындады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.