Түркістан облысында 40 бас қойды ұрлап кеткен барымташылар ұсталды

416

Түркістан облысы Жетісай ауданында жайылым жерден 40 бас қой ұрланды. Осылай деген жәбірленушілер полицияға арызданған.  Оларға 3 миллион теңге шығын келген. Полиция қызметкерлері тұрғындардың арызын Қылмыстық кодекстің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» тіркеді

«Тәртіп сақшылары оқиға орнын мұқият тексеріп, көрген-білген куәлардан жауап алды. Сонымен қатар полицейлер мал сататын орындарды да шолып шықты. Осылайша жүргізілген тиянақты істің нәтижесінде мал ұрлығына қатысы бар 2 күдікті ер адам ұсталды. Олар жергілікті тұрғындар болып шықты. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды»,-деді облыстық Полиция департаментіндегілер.

Белгілі болғандай, күдіктілер түнгі уақытта жайылымда жайылып жүрген қойларды көріп, оңай жолмен пайда таппақ болған. Екі жігіт ұрланған малды «Газель» автокөлігімен Сарыағаш ауданына апарып сатқан. Ал түскен ақшаны өзара бөліскен.

Полицейлер ұсталғандардың осы тектес басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығын тексеріп жатыр.

Алдыңғы пост
Шымкентте бизнесті қорғауға арналған экожүйе іске қосылады
Келесі пост
Ломбардтан қымбат тон ұрлаған ер кісінің әрекеті видеоға түсіп қалды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu