366
Ақтауда жаяу жүргіншілер өткелінде екі кішкентай қызды көлік қағып кетті. Оның видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Ондағы ақпаратқа сенсек, Nissan X-Terra маркалы көлік 5 және 6 жастағы екі қызды қағып кеткен. Олардың қасындағы бірінің анасы болған.
Жарақат алған бүлдіршіндер дереу облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Өкінішке орай, оның бірі көз жұмды. Ақ халаттылар екіншісінің өмірі үшін күресіп жатыр.
Полицейлер жол апатына қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігімен қылмыстық істі тіркеуге алды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.