340
Астанада мас ер кісі түнгі уақытта үйдің ауласында тұрған белгісіз адамның көлігін ұрлап кеткен. Темір тұлпарынан айырылған тұрғын дереу полициядан көмек сұраған. Көп ұзамай күдікті ұсталды. Ол 27 жастағы жас жігіт болып шықты.
Тергеу кезінде күдіктінің мас Қорғалжын тас жолының бойындағы үйлердің бірінің ауласында тұрған «Opel Frontera» маркалы автокөлікті есігінің құлпын бұзу арқылы кіріп, көлікті айдап кеткені анықталған.
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.