Жетісуда 5 жасар қызын өлтірген ана мен оның сыбайласына үкім оқылды

249

Жетісуда 5 жасар науқас қызын өлтірген ана мен оның сыбайласы сотталды. Сот үкімі Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі сотында оқылды. Бұл туралы Stan.kz сайты жазды.

Бүлдіршіннің денесі мамыр айында Сарқанд маңындағы кірпіш зауытының жанындағы полигоннан табылған болатын. Көп ұзамай полицейлер марқұмның 19 жастағы анасын ұстады. Ол қыздың ақпан айында аурудан қайтыс болғанын айтқан. Әйелдің айтуынша, бүлдіршін церебральды сал ауруына шалдыққан және ақыл-ойы кем.

Соттың дерегінше, сотталушылар қатарында марқұм қыздың анасы мен оның ағасы. Олар Сарқан қаласының сыртында орналасқан кірпіш шығаратын зауыттың маңындағы қоқыс төгетін орынға келіп алдын ала сөз байласу арқылы еш қарсылық көрсете алмайтын дәрменсіз жатқан жас баланы қылқындырып өлтірген. Содан соң мәйітті жасырып, екеуі оқиға орнынан кетіп қалған.

Сот үкімімен бүлдіршіннің анасы мен оның ағасы Қылмыстық кодекстің ҚК-нің 99-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Оларға 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Айта кетейік, сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Алдыңғы пост
СҚО-да 15 жасар оқушыны көлік қағып кетті
Келесі пост
Жамбылда 137 бас асыл тұқымды малды сатып жібергендер ұсталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu