333
Елордада жас жігіт биік ғимараттың 25-қабатынан құлап көз жұмды. Оқиға кеше, 8 желтоқсан күні болған. Сағат 10:53-те 102 арнасына Петров көшесінен жас жігіттің мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, тексеру барысында аталған факті расталды. Полиция қызметкерлері жігіттің жеке басын анықтады. Ол елорданың 19 жастағы тұрғыны болып шықты.
Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.