Маңғыстауда ішіп алған жүргізуші полиция көлігін соқты

211

Маңғыстау облысында Lexus RX көлігін тізгіндеген жүргізуші патрульдік полиция көлігін артқы жағынан соққан. Оқиға Ақтау – Жетібай тас жолының 67-ші шақырымында болған.

ІІМ Telegram-каналының жазуынша, полицейлер өзге зақымданған Audi көлігін Shachman жүк көлігінің көмегімен эвакуация жасап жатқан. Lexus RХ жүргізушісі кейін инерциямен Shachman жүк көлігімен де соқтығысқан.

Апат салдарынан зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілген. Олар медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді.

Медициналық куәландыру нәтижесі көрсеткендей, кінәлі жүргізуші жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болған. 59 жастағы жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 608-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал сотқа жолданды.

Алдыңғы пост
Шымкентте 24 жастағы есірткі курьері ұсталды
Келесі пост
Астанада жас жігіт 25-қабаттан құлап мерт болды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu