Көне Тараз – қазақ хандығының басы біріккен киелі жер

Теги: , , ,
361

“Кazakh tourism” ұлттық оператордың ұйымдастыруымен туроператорлар мен журналистердің басын қосып, өткізіліп отырған ақпараттық тур бүгін көне қала – Таразға жетті.

Еліміз экономикасының дамуында басымды бағыттардың бірі ретінде Жамбыл облысында туризмнің өріс алуына ерекше көңіл бөлініп отыр.

Бүгінгі таңда шетелдік туристерді тарту және қала тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында Тараз қаласын абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде.

Бұл жаңартылған парктер, скверлер, көпірлер, ескерткіштер, стелалар, қала тұрғындары мен туристерге арналған демалыс орындары.

Облыс туризмінің дамуына жаңа серпін беріп отырған, заманауи архитектуралық сәулет өнерінің туындылары, Тараз қаласының орталығында ашылған «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешені, «Жастар аллеясы» атты жаңа демалыс орны, «Желтоқсан толқыны» деп аталатын жаңартылған аллея, ұзындығы 2 шақырым болатын 3 жаяу жүргінші арбаты, «Үшбұлақ» каналынан «Зербұлақ» көліне дейін созылған заманауи стильде абаттандырылған «Үшбұлақ» жағалауының ашылуы облыс тұрғындары мен туристердің сүйікті демалыс орындарына айналып отыр.

2021 жылдың 28 мамырында ашылған, ауқымы жағынан орасан зор, «Тектұрмас» этно-тарихи кешені – көне қала бейнесіндегі ортағасырлық түркі елдерінің Тараз өңіріндегі киелі орны, бүкіл түркі әлемінің тарихын бейнелейтін тарихнама болып есептеледі. Мұнда Тараз қаласының басты символы – Ұлы «Әулие-Ата» бабамыздың ескерткіші орнатылды.

Облыстың туризм саласын дамыту мақсатында «Тараз – қолөнершілер шаһары» халықаралық қолөнершілер көрмесі, «Taraz fashion week» халықаралық сән апталығы, «Живая струна» атты музыкалық фестивалі, балалар мен жасөспірімдерге арналған ақпараттық турлар, өз отаны мен туған өлкесіне, табиғат пен мәдениетке, еңбек пен білімге деген құндылық қатынастарын дамыту мақсатында мектеп оқушыларына арналған «Өмір сабақтары» сияқты ауқымды іс-шаралар өткізіліп тұрады.

Бүгінгі таңда облыстың туристік әлеуетімен таныстыру мақсатында республикаеың басқа өңірлерінен келген туристік бизнес өкілдеріне арналған «Тараз – өткен мен болашақтың түйіскен қаласы» іс-шарасы өткізілуде.

Ағымдағы жылдың 1 қазанында Дүниежүзілік қолөнершілер кеңесінің өкілдерімен, Тараз қаласын Дүниежүзілік қолөнершілер қалаларының тізіміне ресми түрде енгізу рәсімі өткізілді. Бұл іс-шараның өтуі, аймақтың мәдени-туристік саласындағы ең ірі оқиғалардың бірі деп санауға болады.

Тараз шаһарын Дүниежүзілік қолөнершілер қалалары тізіміне енгізудегі басты мақсат – өңірдің әлемге танымалдылығы мен туристік имиджін көтеру, отандық қолөнершілерді халықаралық деңгейде танымал ету, шетелдік және жергілікті қолөнершілер арасында тәжірибе алмасу, бәсекелестікке төтеп беру және жоғалып бара жатқан ежелгі қолөнер түрлерін сақтап қалу және қайта жаңғырту.

Осылайша, киелі Тараз шаһары Дүниежүзілік қолөнершілер қалалары мәртебесіне лайықты түрде ие болып, Қазақстанның алғашқы Дүниежүзілік қолөнершілер қаласы статусын алды.

Соңғы жылдары облыстағы ірі туристік аймақтардың ашылуы, туристік бизнес өкілдерімен ұсынылып отырған қызмет түрлерінің кеңеюі, орналастыру орындары санының көбеюі, ішкі туристік ағындардың өсуіне өз септігін тигізіп отыр.

Әлемде орын алған эпидемиологиялық жағдайдың салдарына қарамастан өңірге келіп жатқан туристер легінің өсу динамикасы байқалады.
Статистикалық мәліметтер бойынша 2021 жылы облысқа келген туристердің саны 127 162 адам, оның ішінде шетел туристерінің саны 1 386 адамды құрады.

Ал ағымдағы жылдың 1-ші жартыжылдығының қорытындысы бойынша облысқа келушілер саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,6%-ға артып, 62 331 адамды құрады, оның ішінде 776-ы шетелдік турист болса, қалған 61 555-і еліміздің басқа өңірлерінен келген туристер.

Туризм саласына инвестиция тарту мәселесі бойынша облыс кәсіпкерлерімен, шетел инвесторларымен бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша әр-түрлі деңгейде кездесулер өткізіліп тұрады.

Қазіргі таңда облыста жалпы құны 12 млрд теңгені құрайтын 5 туристік жобаны іске асыру бойынша инвесторлармен жұмыстар атқарылуда. Ірі инвестициялық жобаларға «Қаралма» тау-шаңғы кешені, «Көксай» этно-туристік кешені, «Таскөл» демалыс орталығы, «Ақжол» этно-туристік кешені және Алмалы шатқалындағы демалыс аймақтары жатады.

Іске асырылып жатқан жобалар облыстың табиғи көрікті жерлерінде орналасқан, халықаралық стандарт талаптарына сай, кешендер құрамында коттедждер, қонақ үйлер, мейрамхана мен кафелер және басқа да сауда және ойын-сауық орындары қарастырылған.

Алдыңғы пост
Шымкент – Қазақстандағы туристер көп келетін үшінші қала
Келесі пост
Шымкентте қар тазалау жұмыстары үздіксіз жүруде

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu