Студеттер үшін әскери бөлімде «Ашық есік» күні өтті

332

Орал қаласында Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлім аумағында жастар арасында әскери қызметке деген идеологиялық жұмысты жандандыру мен патриотизмге тәрбиелеу мақсатында Орал қаласының жоғарғы оқу орындарының 70 – ге жуық студенттері қатысқан «Ашық есік» күні шарасы ұйымдастырылып өткізілді.

Әскери бөлімге келген жоғарғы оқу орнының студенттерін бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік – құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Жанібек Сарсенов қарсы алды. Бөлім командирінің орынбасары келген қонақтарға Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің атқаратын негізгі міндеттері мен жауынгерлік тапсырмаларын жеткізді. Әрмен қарай келген қонақтарға әскери бөлімнің жеке құрамы арнайы дайындаған көрме нысандары ұсынылды. Әскери бөлімге келген студенттерді әскери бөлім аумағымен толықтай таныстырды. Студенттер саптық алаңда әскери жауынгерлік техникалармен сондай ақ қару-жарақ түрлерімен танысып әрмен қарай сарбаздардың жататын казармалық үй-жайына бағыт алды.

Қонақтар бөлімнің аумағымен танысып болғаннан кейін, әскери бөлімнің клубында әскери жоғары оқу орындарға тарту мақсатында Ұлттық ұланның академиясы туралы бейнероликтер көрсетіліп, бөлім командирінің орынбасары подполковник Жанібек Сарсенов әскери оқу орны туралы тереңірек түсіндіріп, үгіт-насихат жұмысын өткізді. Шараның соңы 5517 әскери бөлімінің әскери оркестрінің дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

Шара соңында студенттердің әскери жетекшілері «Ашық есік» күнін ұйымдастыруға ат салысқан бөлім ұжымына алғыстарын білдірді.

Капитан, Ертуған Әубакир

Алдыңғы пост
Астанада жас жігіт 25-қабаттан құлап мерт болды
Келесі пост
Ақтөбеде жан түршігерлік жол апатынан 3 жасар бала көз жұмды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu