Техникалық қауіпсіздікті сақтамағандар айыппұл төлейді

Теги:
318

Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына қарасты газ техника инспекциясы бөлімінің ұйымдастыруымен уланудың алдын алу мәселелері бойынша қала тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ауқымды шараға қалалық төтенше жағдайлар басқармасы, аудандық әкімшілік қызметкерлері, жастар ресурстық орталығының еріктілір тобы жұмылдырылды.

— Жылыту маусымының басталар алдында мұндай іс-шара жүргізілген болатын. Дегенмен газбен улану деректері әлі де тіркелуде. «Газ және газбен жабдықтау» заңында көрсетілгендей әрбір тұтынушы өзінің газ жабдығының техникалық қауіпсіз күйде болуына міндеттелген. Және үйішілік қызмет көрсету мекемелерімен келісім шартқа міндетті түрде тұруы тиіс. Шымкент қаласында осындай 13 мекеме қызмет көрсетеді. Жаңа заңға сәйкес тұтынушы газ жабдығын пайдалануда техникалық қауіпсіздікті бұзған жағдайда айыппұл қарастырылған. — дейді қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының бөлім басшысы Асылжан Жанаев.

Тұрғындардың қауіпсіздік ережелерін сақтамауының арты қайғылы жағдайларға соқтырады. Сондықтан тұрғындар халықтың газ тұтынуда жауапкершілігін күшейту мақсатында өткізілетін түсіндірме жұмысының маңызы үлкен екенін айтады.

Тұрғындарға:

​-Үй ішіндегі газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсету туралы келісімшарт жасау;

Қазіргі таңда қала аумағында Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің мәліметіне сәйкес Шымкент қаласында тіркелген 29 компания үй ішілік газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуге тиісті аттестат алған. Мониторинг жұмыстарының нәтижесінде қалада бүгінгі күнге 13 компания қызмет атқарады. Ал,түтіндік мұржаларын және желдеткіш арналарын тазалайтын 7 мекеме бар.

Тұрғындар тұрмыстық газды пайдалану барысында аттестатталған, мамандандырылған мекемелермен (ВДГО) өздеріне тиесілі газ жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасасуға міндетті-делінген.

Үй ішілік газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуге тиісті шарт жасалуын цифрландыру мақсатында, «I-Shymkent» порталына 13 компанияның тиісті мәліметтер еңгізіліп, іске қосылды. Қала тұрғындар үйінде отырып, 13 мекемнің қызметтерін өз таңдауы бойынша онлайн келісім-шартқа тұруға мүмкіншіліктері бар. Аталған копманиялардың тізімі Шымкент қаласы қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының әлекметтік желілерінде жариялаған.

Сонымен қатар, 8 701 333 40 15 whatsapp нөміріне хабарласып ала аласыздар.

​-қабаты екі қабаттан асатын көп пәтерлі тұрғын үйлерде тұрмыстық баллондарда сұйытылған газды сақтауға және (немесе) пайдалануға тыйым салынатыны;

газ жабдығының иелері олардың тиісті техникалық жай-күйін және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндеттілігі түсіндірілді.

​Жалпы Іс-шараға 20-ға жуық ерікті қатысып, қала тұрғындарына жаднамалар таратылды.

Алдыңғы пост
Соңғы ханның жәдігері: Кенесары ханның жауынгерлік қылышы Шымкент мұражайында сақталуда
Келесі пост
Шымкенттің жас мамандарына жұмыс өтілі мен ұсынымынсыз жұмысқа орналасуға көмектеседі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu