Отан алдындағы борыштарын абыроймен атқарған сарбаздар үйлеріне қайтты

384

Осыдан тура бір жыл бұрын Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан әскерінің 6655 әскери бөліміне шақыртылған сарбаздарға да өздерінің туған үйлеріне, ата – анасымен бауырларының ортасына оралатын сәтте келіп жетті.

Еліміздің түпкір – түпкірінен жиналған сарбаздар бір жыл бойы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6655 әскери бөлімінде қызмет атқарып, Ақтөбе қаласындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, өздеріне берілген тузету мекемесін қырағылықпен күзетіп келді.  Ел алдындағы қасиетті борыштарын мінсіз орындаған сарбаздарды 6655 әскери бөлімінің басшылығы салтанатты түрде Ақтөбе қаласының мәдениет үйінде шығарып салды.

Іс – шара барысында сөз алған 6655 әскери бөлім командирі полковник Мирас Турдалин:

-Аз ғана уақыт ішіндет әскери саланың қыр – сырын үйреніп, әскери техника мен түрлі қару жарақтарды меңгеріп міне бүгін үйлеріңізге оралғалы тұрсыздар. Енді Сіздер еліміз бен жерімізді қалай қорғау керек екендігін білесіздер. Осы әскери өмірден алған тәлім – тәрбиелеріңіз алдағы азаматтық өмірлеріңізге өз көмегін тигізетіндігіне сенімдімін, – деді өз сөзінде.

Шара барысында  15 сарбаз «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз еткені үшін» төсбелгісімен марапатталса, қалған сарбаздарға мінсіз қызметтері үшін грамоталар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

-Тәуелсіз еліміздің қауіпсіздігін қорғау, бойында Отансүйгіштік қасиеті мен патриоттық сезімі бар нағыз ер азаматтардың ісі.  Мен әскер қатарына келіп өз Отан алдындағы борышымды атқару барысында әскерден көріп, біліп, үйренгенім көп. Әскерге барудан қашпау керек, себебі  әскерде өткен уақыттың әрбір күні қызықты деуге болады. Әскерге келіп жаңа достар тауып бір үйдің балдарындай болып кеттік. Әскерге бару арқылы тазалықты, ұқыптылықты, жауапкершілік пен шыдамдылықты үйрендім. Әрине өзімнің туған жеріме барып ата -анамды,  достарымды көруге асығып тұрмын бірақ – та бір жыл бойы бір үйдің балаларындай болып кеткен қарулас жолдастармен қоштасу өте қиын екен, – деді қатардағы  Абуталипов Акимжан.


– Ең алдымен, темірдей тәртіпті, төзімді болуғу тәрбиелеп қолымы қару ұстатқан командирлеріммен сержанттарыма алғысымды білдіремін. Мен Ұлттық ұлан сапында қызмет атқарғаныма өте қуаныштымын себебі әскерде жүріп көп нәрсені үйрендім, ауылдағы ата – анамның қадірін түсіндім. Үйде сағына күтіп отырған ата – анаммен  қарындасым бар. Қазір біраз минуттардан соң солардың ортасына оралу үшін пойызға отырғалы тұрмын. Болашақта өз өмірімді әскери қызметпен жалғастыруды жоспарлаудамын, – деді  қатардағы  Бекзат Болатов.

Алдыңғы пост
Туризм – Түркістан облысы экономикасындағы келешегі зор салалардың бірі
Келесі пост
Отырар ежелгі қалашығын қалпына келтіру жұмыстары аяқталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu