Арзан бағада Iphone сатып алмақ болған атыраулықтар оңбай алданды

517

Атырауда 45 жастағы әйел жерлестерін алдап кеткен. Алаяқтық фактілері 23 қараша мен 3 желтоқсан күндері аралығында болған. Полицейлердің дерегінше, ол төрт тұрғынды сазға отырғызып кеткен. Атап айтқанда, алаяқ 34 жастағы ер кісіге 6 дана “Iphone 13 Pro” маркалы ұялы телефонын арзан бағаға алып беремін деп 2 миллион 196 мың теңгесін алған. Ал 32 жастағы жігітке тұрмыстық техниканы әкеп беруге уәде етіп, 2 миллионға жуық теңгесін санап алған. Күдікті әйел мұнымен қоймай  27 және  18 жастағы тұрғындарды 4 дана “Iphone 13 Pro” жеткізіп беруге сендірген. Олардан 1 миллион 672 мың теңгені алаяқтық жолмен емденген. Жалпы келтірілген шығын 5 миллион теңгеден асқан.

Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шарасы нәтижесінде 1977 жылы дүниеге келген күдікті ұсталды. Қазіргі таңда оның үстінен Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3 бөлігімен іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Алдыңғы пост
«Басымды қатырма»: Желіде дөрекі полицейлердің видеосы пайда болды
Келесі пост
Түркістан облысында пара алған бас дәрігерге сот үкімі шықты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu