«Басымды қатырма»: Желіде дөрекі полицейлердің видеосы пайда болды

336

Түркістан қалалық полиция басқармасы қызметкерлерінің тұрғынға дөрекілік көрсеткен сәтінің видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. Оны egov.press Telegram-каналы жариялады.

Бейнежазбадан көшеде тұрған келіншек пен полицейлер арасында түсініспеушілік орын алғанын байқауға болады. Тәртіп сақшыларының бірі өзін видеоға түсіріп тұрған әйелге қоқан-лоққы көрсетіп, жеке куәлігін көрсетуден бас тартады. Тіпті әйелдің үстінен сотқа арызданатынын айтады.   

Келіншектің жұбайы полиция бөлімшесіне барған. Оның айтуынша, әйелін полиция бөлімшесіне алып кеткен. Алайда ондағы тәртіп сақшылары ер кісіге дөрекілік танытады.

«Басты ауыртпа, жетіп жатыр. Телефоныңды шошайта берместен, сыртқа шық» деген полицей кабинет есігін тарс жабады.

Әңгіме барысында тәртіп сақшысы  тұрғынға «Кет, жұмысқа кедергі жасама» деген сөздерді айтады. Онымен қоймай, погонды қызметкер өзін видеоға түсіріп отырған ер кісіні сотқа беретінін алға тартады.

Видео желі қолданушыларының ашуын тудырды.

Түркістан облыстық Полиция департаментіндегілер бейнежазбаға қатысты пікір білдірді. Оқиға 10 қазан күні болған екен.

«Азаматтармен қарым-қатынас кезінде сыпайылық пен әдептілік танытпай, қызмет этикасын сақтамаған  екі қызметкер 26 қазан күні Түркістан қалалық полиция басқармасының бұйрығымен тәртіптік жауапкершілікке тартылды» деп атап өтті ведомстводағылар.

Тарқатып айтқанда, видеода есікті жауып алып отырған полицей сөгіс алған. Ал екіншісіне ескерту берілген. Екеуі арнайы жиналысқа қатыстырылып, басшылар тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізіліпті.

Алдыңғы пост
Тапа-тал түсте көлік ұрлап кеткен ер кісі полицейлерге ұсталып қалды
Келесі пост
Арзан бағада Iphone сатып алмақ болған атыраулықтар оңбай алданды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu