350
Түркістан облысы Кентау қаласында отбасылық жанжалға байланысты шақыртуға келген полицейлер тұрғынның үйінен есірткіге ұқсас өсімдікті байқайды. Тәртіп сақшылары дереу оқиға орнына жедел-тергеу тобын шақырған. Тексеру кезінде жедел уәкілдер ас бөлмесінен есірткі заты бар 8 түп өсімдікті тапты. Полицейлер заттай дәлелдемелерді сараптамаға жолдады. Бұдан әрі қарай оқиғаға байланысты толыққанды тексеру жүргізу үшін күдікті полиция бөліміне жеткізілді.
«Іс Қылмыстық кодекстің 296-бабы “Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу” бойынша тіркелді. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда» деп атап өтті облыстық Полиция департаментіндегілер.