Ұрылар дүкеннен 5 млн тұратын темекі өнімдерін ұрлап кеткен

371

Жамбыл облысы Шу ауданындағы дүкендердің бірінде ұрлық дерегі тіркелді. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз тұлғалар дүкеніне түнгі уақытта  жасырын түрде кіріп, 720 дана блок әртүрлі маркалы темекі өнімдері мен 200 мың теңге ақшалай қаражатын ұрлап кеткен.  Келтірілген шығын көлемі 5 млн 300 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 34 жастағы Шу ауданының тұрғыны ұсталды.

«Тергеу жұмыстары барысында ұрлықтың алдын-ала сөз байласу арқылы жасалынғаны және ұрлаған темекі бұйымдарын Алматы қаласына барып 701 мың 500 теңгеге сатып, ақшасын бөліп алғандығы белгілі болды. Қазіргі уақытта қылмысқа қатысы бар екінші күдіктіге іздестіру жұмыстары жүргізілуде» делінген облыстық Полиция департаментінің мәліметінде.

Ұсталған күдікті кінәсін толықтай мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігінің  3-тармағымен (тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Алдыңғы пост
Талдықорғанда судья 5 жылға сотталды
Келесі пост
Ақмолалық әйел YouTube-тегі жарнамаға сеніп, 30 млн ақшасынан айырылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu