386
Павлодарда полицейлер граната жармақ болған 47 жастағы ер адамды ұстады. Саперлер жарылғыш затты тексеріп жатыр.
«Сағат 11:30-да қалалық полицияға отбасылық жанжал туралы қоңырау түсті. Пәтерде мас адам ұрыс шығарып, гранатаны жарып жіберемін деп айқайлаған. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері оны сабырға шақырып, сөйлесе бастаған. Осы сәтті пайдаланған тәртіп сақшыларының бірі гранатаны ер адамның қолынан жұлып алып, оны залалсыздандырды» делінген ІІМ Telegram-каналындағы мәліметте.
Үй тұрғындары толығымен эвакуацияланды. Оқиғаның мән-жайы толық тексерілуде.