Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының тұрғыны ауласында тұрған жүк көліктерін жөндетпек болған. Оған танысы жөндеу қызметін ұсынып, ол үшін 4 миллион теңге сұраған. 43 жастағы ер кісі танысына сенгендіктен қомақты қаржыны санап берген. Алайда біраз уақыттан кейін жәбірленушінің көлігі жөнделмеген, алаяқ танысы ақшасыз қайтармаған.
«Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полицейлер күдіктіні анықтады. Ол Өскемен қаласының 39 жастағы тұрғыны болып шыққан. Жауап алу барысында күдікті өз кінәсін мойындады. Алайда қолма-қол ақшаны қайтарып алу мүмкін болмады. Ұсталған адамға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды» делінген облыстық Полиция департаментінің мәліметінде.
Қазіргі атңда полицейлер Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізілуде.