Астаналық жігіт өзінің бұрынғы көлігін ұрлап кеткен

367

Астанада өзінің бұрынғы көлігін айдап әкеткен 19 жасар жігіт ұсталды. Ол  Daewoo Nexia автокөлігін айдап әкетуге қатысы деген күдікке ілінді. Polisia.kz жазуынша, тергеу барысында көлік құралы бұрын оған тиесілі болғаны анықталған. Бір жыл бұрын жүргізуші шетелдік есепке алынған Daewoo Nexia автокөлігін қазақстандық есепке алынған автокөлікке айырбастаған. Алайда біраз уақыттан кейін қазақстандық есепке алынған автомобиль бұзылып, жүргізушілер арасында жанжал туындаған. Бірнеше күн бұрын автокөлік сату сайтын қарап отырған жігіт өзінің бұрынғы  көлігін сату туралы хабарландыруға тап болған. Көп ойланбастан жүргізуші көлікті ұрлауға шешім қабылдап, жәбірленушінің тұрғылықты мекенжайына барған.

Қосалқы кілттермен ол көлік құралын оталдыруға тырысқан, алайда көлік оталмағаннан кейін  манипулятордың қызметін пайдаланған. Кейін көлікті үйіне айдап әкеткен. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті өз кінәсін мойындады.

Алдыңғы пост
Өскемен тұрғыны жүк көліктерін жөндетемін деп алаяққа тап болды
Келесі пост
Оралда әскерилердің балаларына арналған жаңа жылдық шырша өтті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu