Түркістан облысы аумағында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Мақсат – автокөліктерге тексеру жүргізіп, әкімшілік айыппұлдан жалтарып жүрген жүргізушілерді анықтау.
Осы бағытта жұмыс жүргізіп жатқан Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 7 тәулікте 3 миллион теңгенің айыппұлын өндірді. Яғни, тексеру кезінде жол ережесін бұзғаны үшін өздеріне тағайындалған айыппұлды белгіленген мерзімде төлемегендер анықталды. Сондықтан бұл азаматтардың автокөліктері айыптұраққа қойылды. Мәселен, тәртіп сақшылары аудан көшелерінің бірінен «LADA PRIORA» маркалы автокөлікті тоқтатқан. Жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында оның 40 рет жол ережесін бұзып, 700 мың теңгеден астам төленбеген айыппұлы бары анықталды. Көлік бірден айыптұраққа қойылып, берешегі толығымен өндірілді.