304
Түркістан облысы Сарыағаш ауданында мүгедектікке шықпақ болған үш тұрғын алаяқтың құрбаны болды. Жәбірленушінің бірі полицияға арызданған. Сырттай танысы уәде беріп, 600 мың теңгесін алған. Алайда арада бір жыл уақыт өтсе де уәдесін орындамаған, не ақшасын қайтармаған. Дәл осындай арызбен полицияға тағы екі әйел шағым түсіріп, алданғандарын айтқан. Тұрғындардың арызы Қылмыстық кодекстің 190-бабы “Алаяқтық” бойынша тіркелді.
Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті ретінде Келес ауданының жұмыссыз тұрғыны ұсталды. Полицейлердің дерегінше, қазіргі таңда оның алаяқтық қылмысының үш фактісіне қатысы бары анықталған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.