“Жылдам босатындар” – Қазақстанда пәтерді жалға алу бағасы аспанға шарықтап кетті

1,046

Қазақстандағы әлеуметтік желі қолданушыларының басым бөлігі соңғы 9 айда кем дегенде бір рет осыған ұқсас жазбаны немесе пікірді оқыған болуы әбден мүмкін. Оған қоса, бәлкім, олар немесе олардың жақындары тұрғын үй бағасының өсуінің куәгері болғаны мүмкін.

Жанашыр адамдар, көмек қолы қажет 

Соңғы оқиғаларға байланысты, бізге пәтер бағасын көтеріп тастады.Тез арада пәтер іздейміз. Парасатты, таза, жұмыс істейтін 3 қыз. 2 бөлмелі пәтер болса жақсы болар еді, егер басқа таңдау болмаса, бір бөлмелі де бола береді.Біз жүктерімізжі жинап қойдық,15-і көшуіміз керек.

Ақсай, Правда,Жандосов аудандарында болса керемет болар еді.

Бюджет 200 мың

Көп рақмет. Бахытнұр

 

Күн сайын  барлығының бағалары өсіп жатыр, адамдар қолдарынан келгенше тіршілігін жасап жатыр, бұл тәртіпсіздікті ешкім тоқтата алмайды, мемлекет бағаларды бақыламайды, барлығы еркін айналымда.

Пәтерлер Алматы | Пәтерді жалға беру Алматы

2 бөлмелі пәтер іздеймін,180 мен 190мың аралығында.Төлем төлеуге қабілетті.Менімен бірге 16 жасар ұлым бар.Пәтер ақысын көтергендіктен,көшуге тура келді.23-25.10 көшіп келе аламыз.Асема

 

Бүгінде біздің көптеген жалға берушілер тұрғындарды Z патриоттар келеді деп пәтерден шығаруды бастады. Рубльдың артынан жүгіргені өкінішті-ақ! Бәрібір соңында барлығы өзіне айналып келеді.Көреміз,мүліктері адам қарай алмайтын күйге жетеді.

 

Ресейдің Украинаға шапқыншылығынан және ресейліктердің жаппай тұрғылықты жерлерінің ауыстыра бастағаннан кейін көптеген посткеңестік елдерде жылжымайтын мүлікті жалға алу құны аспанға шарықтап кетті. Бұл жергілікті тұрғындар үшін бірқатар қиындықтар туғызды және жалға алушылардың өмірін түбегейлі өзгертті. Адамдар бірнеше күн ішінде баспаналарынан айырылып, жаңасын іздеуге мәжбүр болды, ал көбісі әдеттегі тұрғылықты жерін мүлде басқа орынға ауыстырды, нәтижесінде олар жұмысқа бару үшін және балаларды бұрынғы жалдамалы пәтердің жанындағы балабақшалар мен мектептерге апару үшін әлдеқайда ертерек оянуы керек еді. Кейбіреулер тіпті балаларын жаңа мектепке ауыстырып, жүректеріне қымбат достар мен мұғалімдерді, сүйікті үйірмелер мен бөлімдерді қалдыруға мәжбүр болды.  

 

Армениялық әріптестермен бірге біз 2022 жылдың басынан бастап елдеріміздің ең ірі қалалары — Астана, Алматы және Ереванда тұрғын үйді жалға алу бағасының өзгеруін зерттедік.  

 

Қазақстан – ресей азаматтары көшіп келетін елдер арасында ең жоғарғы орында.

 

Google Trends қызметі белгілі бір уақыт аралығында белгілі бір елдегі танымал сұраныстарын көруге мүмкіндік береді. Сонымен, “релокация” сөзін енгізген кезде, осы сөзді қолдана отырып, ең танымал сұраныстардың бестігіне “Қазақстанға релокация”, “Арменияға релокация” және “Грузияға релокация”сияқты сұраныстар кіреді. 

 

“Өте танымал” белгісі мұндай сұраныстардың алдыңғы уақыт кезеңімен салыстырғанда 5000% – дан астам өсуін білдіреді.

 

“Krisha.kz” сайты – Қазақстанда жылжымайтын мүлікті жалға беру туралы хабарландыруларды орналастыру бойынша ең танымал алаңдардың бірі болып табылады. Біз 24 ақпаннан кейін ресейліктердің Google іздеу жүйесі арқылы осы сайтты қаншалықты жиі іздейтінін көруді шештік. 

 

21 қыркүйекте жартылай жұмылдыру жарияланғаннан кейін krisha.kz сүраныстары арта түсті.Диаграммада Ресей бойынша 22-24 қыркүйек аралығындағы “krisha.kz” сұранысының күрт артуы көрсетілген. Ресейліктердің келуіне байланысты сұраныстың артуы аясында Қазақстандағы кейбір жалға берушілер өз азаматтарын шығарып, релоканттарға жоғары бағамен баспана ұсына бастады-бұл туралы қазақстандық БАҚ-та бірнеше рет жазды. Сондай-ақ, осындай сұраулардың ішінде Ресей азаматтары рубльдің теңге бағамындағы құнына және жылжымайтын мүлікті жалға алу және сатып алу-сату бойынша тағы екі қазақстандық сайтқа қызығушылық танытқанын көруге болады.

 

Қазақстанға қанша ресейліктер жер аударады?

 

Қазақстанның көші-қон қызметінің мәліметінше, ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап жолаушылар ағынының біртіндеп ұлғаюы байқалды, орташа тәулік ішінде Ресей Федерациясының 7-9 мың азаматы Қазақстан жеріне аяқ басты, бұл айына 300 мыңға жуық адамның шекараны кескенің білдіреді.Қазақстанның Петропавл, Қостанай және Ақтау сияқты қалаларында шамамен жоғардағы санға балама халық  саны тұрады, сондықтан бұл ел экономикасына және бағаның өсуіне итермеледі.

 

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің айтуынша, 21 қыркүйектен бастап 70 мыңға жуық ресейлікке жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) берілді, кезегінде бұл құжат банктік шоттар мен карталар ашуға, мүлік сатып алуға, еңбек шарттарын жасасуға және т.б. қол жеткізуге мүмкіндік береді.  Көптеген ресейліктер үшін Қазақстан трвнзитті ел болғанына қарамастан, ЖСН-ны соншалықты көп релоканттар алу фактісі олардың бір бөлігі ұзақ мерзімге қалатының және Қазақстанда негізделетінің айғағы болып табылады.

 

Бағалар қаншалықты өсті және кім зардап шекті?

 

Жыл сайын жылжымайтын мүлікті жалға алу бағасы инфляцияға және барлық салаларда бағаның өсуінің салдарынан көтеріледі. Бірақ 2022 жылы, өткен жылдармен салыстырғанда, бұл көрсеткіш әдеттен тыс өсті. Мәселен, Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй нарығындағы бағалар индексіне қарағанда, 2022 жылғы қыркүйекте 2021 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда жақсы жабдықталған тұрғын үйді жалға алу бағасы 47%-ға өсті.

 

Бағаның қалыптан тыс өсуі көптеген студенттерге әсер етті, олардың кейбіреулері көшеде түнеуге мәжбүр болды. 

Айсана есімді студент өзінің көшу тарихымен бөлісті. 

 

 

“Біз ұзақ уақыт бойы баспана іздедік, Наурызбай батыр/ Жібек жолы ауданынан 230 мың адамға пәтер таптық. Біз әр айдың 5-і күні  пәтерге төледік”, – дейді Айсана. 

 

Бір ай жалдамалы тұрғын үйде болғаннан кейін, үй иесі оларға пәтерге келіп, отбасында қолайсыз жағдай туғанын, қызы баласымен бірге көшеде қалғанын және оны бір жерге орналастыру керек екенін айтты. “Шұғыл түрде кетіңіз. Сізде ертең кешке дейін уақыт бар. Бірақ егер сіз басқа жер  таба алмасаңыз, онда бұл пәтерді күн сайын жалға алыңыз”, — деді үй иесі. Айсанамен бірге тұратындар келісімшартты зерттей бастады. Оған сәйкес, үй иесі оларға 10 күн бұрын  ескертуге міндетті. Алайда, пәтер иесі  тек өзінің келетіні, жалдау ақысын алатыны және “тағы бір нәрсе туралы сөйлесетіні” туралы ғана хабарлаған. Ол мұны ескерту ретінде айттым деп шыққан екен.

 

Біраз уақыттан кейін Айсана баспана іздеп жүргенде сол пәтерге тап болды, бірақ бұрынғыдан 30% қымбат. “Мен осы пәтердің жарнамасын көрдім, тек бағасы  300 мың деп тұрды”, — деді студент. 

 

Айсананың ойынша пәтер иелері қолайлы жағдайды қолданып, қандай бағаға болмасын пәтерді алатын көшіп келушілерге пәтер ақысын көбейтіп беру шарасы еді.

 

Мемлекеттік және басқалай статистикада бағаның өсуі қалай көрсетілген? 

 

ҚР Ұлттық статистика бюросының сайтын пайдалана отырып, біз 2021 жылғы қаңтар мен 2022 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Қазақстанның екі ірі қаласы — Астана мен Алматыда жабдықталған тұрғын үйді жалға алу бағасы туралы деректерді зерттедік. 

 

Мемлекеттік статистикаға сүйенсек, Алматыда кенет бағалардың өсуі 2022 жылдың тамыз, қыркүйек және қазан айдарында орын алған, ал Астанада баға өсімі сол жылдың қыркүйек және қазан айларына тура келеді. Кесте бойынша Алматыда 2021 жылы тамызда бағаның өсуі байқалады, бірақ 2022 жылдан айырмашылығы қыркүйектен кейін күрт бағаның өзгеруі білінбейді.

 

Qubiq Group Жылжымайтын мүлік агенттігінің бас директоры Ренат Брекешевтің айтуынша, Алматыда оқу жылының алдында бағаның өсуі қалыпты жағдай, өйткені Қазақстанның түкпір-түкпірінен студенттер қалаға оқуға келе бастайды, жалға берушілер сұраныс артқандықтан бағаны көтереді. Орташа алғанда, тұрғын үйді жалға алу құны 5-8% – ға өседі. 

 

2022 жылы оқу жылының басында жылжымайтын мүлік нарығындағы бағаның қалыпты өсуіне Ресейде жартылай жұмылдыру жарияланғаннан кейін ресейліктердің үлкен ағынына байланысты тұрғын үйге сұраныстың күрт өсуі қосылды. Мұның бәрі жылжымайтын мүлік нарығындағы қиындықтарға әкелді және жалға алушылардың қалталарына ауыр соққы берді. 

 

“Қазақстандықтардың көпшілігі үшін тұрғын үйді жалға алу-баспаналы болудың жалғыз мүмкіндігі. Ұлттық заңнамада халықаралық нормалар мен стандарттарға сәйкес жалға берілетін тұрғын үйдің барлық аспектілерін реттейтін заңның болмауына байланысты Қазақстанда құқық қолдану практикасы жалға алушылар мен жалға берушілердің құқықтары мен міндеттемелерінің сақталуын қамтамасыз етпейді. Бұл көлеңкелі нарықтың қалыптасуына ықпал етеді, соның салдарынан келісімшарттар жасаспай және салық төлемдерін төлемей тұрғын үйді заңсыз жалға беру, сондай — ақ негізсіз жоғары жалдау ақысы болып табылады”,-дейді “Қазақстандағы парламентаризм Қоры” ҚҚ президенті, жеткілікті тұрғын үй құқығы жөніндегі Орталық Азия желісінің сарапшысы Зәуреш Батталава. 

 

Соған орай, мысалы, АҚШ – тағы жалға алуды мемлекеттік бақылау меншік иесінің пәтер үшін алатын жалдау ақысының мөлшерін шектейді және меншік иесінің жалға алушыларды пәтерден шығару құқығын шектейді.

 

Мемлекеттік статистикадағы бағаларға сүйенсек, 2021 жылдың қазан айында Алматыда 60 ш.м пәтерді жалға алу орташа есеппен 190 мың теңгеге, ал 2022 жылдың сол айында 360 мың теңгеге келер еді. 

 

Бағаның өсуі мемлекеттік статистикада қаралғанына қарамастан, біз осыған ұқсас ақпарат көздерін қарастыруды шештік,сондықтан Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығындағы  жетекші рөлді атқаратын ұйымға, Krisha.kz, жүгіндік.

 

 

 

Алынған мәліметтерге сүйенсек, Астанада ауданы 60 ш.м. пәтерді 2022 жылдың қаңтарында орта есеппен 185 мың теңгеге, ал сол жылдың қазан айына қарай 294 мың теңгеге жалға алуға болатын еді. Ал Алматыда сол кезеңде бағалар 225 мың теңгеден 419 мың теңгеге дейін өсті. 

 

Екі дереккөзде де деректер қыркүйек пен қазан айларында ұқсас өсу тенденциясы көрсетілген, бірақ мемлекеттік статистикада бағалар Krisha.kz сайтына қарағанда төмен болып шықты. 

 

Жылжымайтын мүлік нарығы мұндай жалға алушылар ағынымен күресуге қандай шара қолданды?

 

Релоканттардың үлкен ағынынан туындаған тұрғын үйді жалға алуға деген сұраныстың артуы жалға алушылар үшін ғана емес, жылжымайтын мүлік қызметкерлері үшін де күтпеген жағдай болды.

 

Qubiq Group бас директоры Ренат Брекешев: “Жалдау құны бір жарым есе, ал бір жерлерде үш есе өсті”, – дейді. 

 

Сарапшы мұны ресейліктердің  жергілікті тұрғындардан айырмашылығы – олардың туыстары мен достарының жанында тұруға мүмкіндігі болмағандығымен түсіндіреді, сондықтан олар кез-келген бағаға баспана жалдауға келісті. Ал жалға берушілер мұны қолданып,,пәтерлерін жоғары бағамен жалға бере бастады. 

 

 

“Бұл өзгерістер біздің жұмысымызға да әсер етті, бұған дейін біз мүлдем жалға берумен айналысқан емеспіз”, — дейді Ренат. Тұрғын үйді жалға алуға көптеген өтінімдер түскеннен кейін, біз тез арада жауапты  ұйымды құрып, осы бағытты бастауға мәжбүр болды, деді ол. Біраз уақыттан кейін олар тіпті отандастарына баспана іздеуге көмектесетін орыс мигрантты жұмысқа қабылдады.

 

Ренаттың пікірінше, бағаның көтерілуінің тағы бір фактор – бұл ресейліктер жаппай көшіп келгеннен кейінгі әлеуметтік желілер мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында көтерілген ақпараттық шу. Бұл бұрын бағаны көтеру туралы ойламаған жалға берушілердің пәтер ақысын көтеруіне әкелді.

 

Мұның бәрі Қазақстан, Армения, Грузия сияқты елдерге ресейліктердің көшуі тоқтамағанша ,тұрғын үйді жалға алу бағасы өсуінің тоқтамайтындығыні білдіреді. 

 

Дерек көздері: 

ҚР Ұлттық статистика бюросы 

Krisha.kz 

Google Trends Қызметі

Авторлары: Аружан Мереева, Қуат Керей 

Тәлімгер: Катя Мамян

Аудармашы: Айгерім Тулешева

Алдыңғы пост
Оралда үйінен шығып кеткен жас жігіт бір айдан бері табылмай жатыр
Келесі пост
Таразда қоқыс жәшігінен нәрестенің мәйіті табылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu