Қазақстандықтар Такси жүргізушісі күнінде жүргізушілерге қанша шайпұл қалдырды, сондай-ақ қай қала ең жомарт

268

Такси жүргізушісі күні, 22 наурызда, Яндекс Go пайдаланушылардың жүргізушілерге шайпұл ретінде қалдырған сомасын екі есе арттырды. Бұл сервистік дәстүр. Екі есе арттыру 22 наурызда қосымшада қолма-қол ақшасыз қалдырылған барлық шайпұлдарға қолданылды.

Бұл күні Қазақстанның 20 қаласында пайдаланушылар қосымша арқылы 4,2 миллион теңгеден астам шайпұл қалдырды, бұл әдетте сәрсенбі күні қалдырылатын шайпұлдар мөлшерінен үш есе жоғары. Яндекс Go дәл осындай соманы өз қаражаты есебінен аударды.

Жалпы, Яндекс Go талдаушыларының деректері бойынша, Алматы ең жомарт қала болып шықты. Екінші орында Астана, үшінші орында Қарағанды. Ал одан кейін Шымкент пен Ақтөбе бестікті жабады.

Шайпұлды жүргізушілер жұма мен сенбі күндері жиі, ал дүйсенбі күні сирек алады.

Шайпұл – бұл қосымшада жоғары баға беру немесе жақсы пікір қалдырумен қатар жүргізушіге жағымды сапар үшін алғыс айтудың бір тәсілі. Егер картамен төлесеңіз, онда Яндекс Go тапсырыс беру кезінде немесе одан кейін шайпұл қалдыруды ұсынады. Сіз қосымшада автоматты түрде есептейтін шағын дөңгелектелген сомалардың бірін немесе өзіңіз қалаған соманы «шайға» қалдыра аласыз.

Алдыңғы пост
Шымкентте 269 адам “қандас”мәртебесіне ие болды
Келесі пост
Шымкентте сейсмикалық аймақтар картасын әзірлеу жоспарлануда

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu